Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



Дата09.01.2022
өлшемі24,83 Kb.
#110579
Байланысты:
Сейдехан Балнұр


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Баяндама

Тақырыбы: Педагог-психолог қызметінің мазмұнымен, педагогикалық- психологиялық қызметінің негізгі құжаттарына талдау жасау

Орындаған: Сейдехан Балнұр

Петропавл, 2021 ж.

Мазмұны


  1. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру іс-әрекетіне жалпы сипаттама.....................................................................................3

  2. Педагог-психологтың кеңес беру қызметі.........................................3

  3. Педагог-психологтың кеңес берудің жүргізілу міндеттерінің құрылымы.................................................................................................................6

  4. Қорытынды..........................................................................................9

  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................11

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен. Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді. Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады. Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады. Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.



Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б. Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени, Шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман. Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:

  • жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;

  • писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;

  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуаоды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді;

  • оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;

  • педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;

  • мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;

  • мектептегі писхологиялық қызметтің писхологиялық- педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын қатаң түрде жүзеге асырады.

Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті. Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады. Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп психологының тікелей міндеттері. Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі. Педагог бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра білетін іс-әрекеті:

  • баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

  • пәнге терең қызығушылығын арттыру;

  • оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;

  • оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

  • жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;

Ал, Педагог-психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет. Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сипатына негізінен педагогикалық ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық хал-ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің өз әріптестерімен мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары бүкіл мұғалімдер ұжымының өз оқушылары мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Көрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды. Педагог-психолог мамандығына талдау жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас мәдениетінің төмен екекнін көрсетеді. Мұнда ең аз дегенде үш себеп айтуға болады:

  1. Мұғалім оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмейді және оны ұйымдастыруды ойламайды.

  2. Мұғалім практикалық жұмысында адам психикасына көз жұма қарайды.

  3. Әр мұғалімнің өзінің ортадағы кәсіби мәдениетінің жоғарылауына мән бермейді.

Үш мәселеде мынадай педагогикалық ситуацияда кездеседі:

  1. Сабақта материалдарды қандай мөлшерде және қалай жеткізу;

  2. Уақтылы оқу бағдарламасын орындау;

  3. Қайталауға және сабақты қорытындылауға қандай материалдар беру.

Мұғалім сабақ жүргізу барысында көп сөйлемейтін балалардың сенімділігін арттыру, белсенді балалардың белсенділігін түсірмеуді жоспарлайды. Педагог-психологтар тек мектепте ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде де жетекші қызметтер атқарады.

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады. Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады. 1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады. 2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады. 3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады. 4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:



  • жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;

  • балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;

  • тәрбиелік іс-шаралар бағытында;

  • баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.

Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады. Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады. Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек . Қазіргі кезде ғалымдардың да, мұғалімдердің арасында «компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр) деген ұғым көп кездеседі. Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы. Маманның кәсіби құзіреттілік мєселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде. Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді. Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады. Н.С.Розовтың пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:

  • мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

  • проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

  • коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің тұлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз. Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оның мазмұны толықтырылып отырған. Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі. Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі. Қазір ғылыми тілде мұғалім жєне педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр. Білім-жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Кәсіп-мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол университетте, институтта, кәсіби техникалық колледждерде, гимназиялар мен жалпы мектептерде беріледі.Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік –оқу,білім,кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек. Іс-әрекет- әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады.Бұл үрдістің орындалу ,игерілуі керек. Игеру-қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру,қолданудан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. Білімнің түрлеріне келер болсақ жалпы, арнайы, кәсіби, техникалық болып бөлінеді. Білім алу үшін кәсіп, мамандық таңдау,оқитын оқу орныңызды таңдауыңыз керек. Таңдаған кәсібіңізге іскерлік таныту үшін оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, дағды,білік т.б қажет. Іс-әрекетті игеру, ұғыну, жүзеге асыру, танымдық қызығушылықтың туындауынан қалыптасады. Нәтиже-білімді тәрбиелі оқушы тұлғасын қалыптастыру. Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б. педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған. Педагогикалық қарым-қатынас– қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады. Кан-Калик былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы».

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланаң даму деңгейін белгілейді; түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тығыйындайды; болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп ұжымына кездесіп қалатын психологиялық мәселелерге өтініштің түсуіне байланысты психологиялық (топтық және жеке) кеңестер береді, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстармын өткізеді. Клиенттің тұлғалық қасиеттерін анықтау нәтижесінде психолог оның мүмкіндігі туралы құнды деректер алады. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет. Психологтың жылдық жоспары психологиялық климатына анализ жасауға, іс-шараларды бірегей өткізуге, ата-анамен қарым-қатынасына, балалар мәселесі, әкімшілік және ата-аналар сұранысына әсер етеді. Психологтың басқа мамандармен өзара қарым-қатынасы жүйелі түрде болғаны қажет. Мұғалімдерге, психологтарға арналған психологиялық семинарлар, лекциялар тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілуі тиіс. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналармен психологиялық жақсы қарым-қатынаста болу керек. Пед.советтерге қатысамын, сұраныстар бойынша мәліметтер жинап дайындаламын. Оқушыларымен, ата-аналармен, ұжыммен тест жұмыстарын, тренинг жаттығуларын өткіздім. Мен әлі де жас маманмын, осы уақыт бойы атқарылған жұмыстарым көп, әлі де ойымда, болашақта көптеген жоспарланған жұмыстарым көп. Бүкіл жоспарланған ойымды жетілдіруге тырысамын деп үміттенемін. Қазақстанда Өзіміздің Ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлесімізді қосуға дайынмын деп айтсам да болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 1 наурыз 2006.

  2. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы. /ҚМ., 23 шілде, 1997

  3. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 Бұйрығы.

  4. Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» IIII - бөлім

  5. Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет