«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
9-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады.
6. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға және олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
7. «Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді құрайды.
8. «Құқық және мемлекет» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
құқық түсінігі;
құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
9. «Конституциялық құқық» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары;
мемлекеттік органдардың конституциялық жүйесі.
10. «Азаматтық құқық» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
азаматтық құқық түсінігі;
меншік құқығы;
азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік;
тұтынушылар құқығын қорғау.
11. «Еңбек құқығы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
еңбек құқығы түсінігі;
еңбек жағдайлары;
еңбекті қорғау;
еңбек шарты.
12. «Отбасы құқығы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
отбасы құқығының түсінігі;
некені қию және тоқтату жолдары;
отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
отбасының қоғамдағы маңыздылығы.
13. «Әкімшілік құқық» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
әкімшілік құқық түсінгі;
әкімшілік жауапкершілік;
әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу.
14.«Қылмыстық құқық» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
қылмыстық құқық түсінігі;
қылмыс ұғымы;
қылмыстық жауапкершілік;
жазалау және гуманизм мәселесі.
15.«Құқық негіздері» пәнінің базалық мазмұны:
1) құқық түсінігі. Құқық түсінігі және оның белгілері. Құқықтың басқа әлеуметтік нормалардан айырмашылығы: мораль, діни нормалар, дәстүрлер, корпоротивтік нормалар;
2) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары. Конституциялық құрылыс негіздері. Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері;
3) азаматтық құқық түсінігі. Тараптардың теңдігі негізіндегі мүліктік қатынас. Жеке мүліктік емес қатынастар: өмір, денсаулық, ар, абырой;
4) еңбек құқығы түсінігі. Еңбек бостандығының конституциялық кепілдігі;
5) неке және отбасы құқығы түсінігі. Отбасы мен неке (ерлі-зайыптылық) түсінігі;
6) әкімшілік құқық түсінігі. Басқару құқығы. Әкімшілік құқық бұзушылық;
7) қылмыстық құқық түсінігі. Қылмыстық мінез-құлық пен жазаланушылық;
8) мемлекеттік басқару органдардың конституциялық жүйесі. Жоғарғы билік органдарының негізгі қызмет бағыттары. Мемлекеттік биліктің өкілетті органдары;
9) меншік құқығы. Қазақстан Республикасындағы меншік түрлері. Меншік құқығына ие болу және тоқтатылуының негізгі жолдары;
10) еңбек жағдайлары. Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
11) некені қию және тоқтату жолдары. Некеге тұрудың шарттары мен кедергілері. Некені тоқтату мен бұзу;
12) қылмыс ұғымы. Қылмыстың түрлері мен белгілері. Қылмыстың обьектісі, субъектісі. Қылмыстың объективті және субъективті жақтары;
13) азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік. Міндеттемелерді орындамағаны үшін мүліктік жауапкершілік. Міндеттемелерді қамтамасыз ету амалдары;
14) еңбекті қорғау. Еңбек дауларын шешу жолдары. Жасөспірімдер еңбегінің құқықтық реттелуі;
15) отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. Бала құқығы;
16) әкімшілік жауапкершілік. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері мен түрлері. Әкімшілік өндіріп алу түрлері мен оларды қолдану тәртібі;
17) қылмыстық жауапкершілік. Құқыққа қарсы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік және жаза түрлері. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъектілері;
18) құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері. Құқықтық мемлекеттің қызметіндегі азаматтық қоғам институттарының маңызы мен рөлі;
19) тұтынушылар құқығын қорғау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдары. Тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау құқығы;
20) еңбек шарты. Еңбек шартының мазмұны;
21) отбасының қоғамдағы маңыздылығы. Отбасы қатынастарын мемлекеттік қолдау және қорғау;
22) әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі әкімшілік құқық бұзушылық нормаларының рөлі мен маңызы;
23) жазалау мен гуманизм мәселесі. Қылмыстық құқықтағы гуманизм қағидаты.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |