Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі



бет4/11
Дата07.02.2020
өлшемі89,73 Kb.
#57370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
18 Оқу бағдарламасы Көркем еңбек


       3) "Презентациялау, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау" бөлімі:

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

3.1 Шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы

5.3.1.1 ұлдар/ қыздар
сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)


6.3.1.1 ұлдар/ қыздар
мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)


7.3.1.1 ұлдар/ қыздар
ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)


8.3.1.1 ұлдар/ қыздар
онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну


9.3.1.1 ұлдар/ қыздар
медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру


3.2 Идеяларды талдау және бағалау

5.3.2.1 ұлдар/ қыздар
пәндік терминологияны қолданып өзінің және өзге-лердің жұмыста-рында берілген идеялар мен тақы-рыптарды сипаттау


6.3.2.1 ұлдар/ қыздар
пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру


7.3.2.1 ұлдар/ қыздар
пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялар мен тақырыптарды талқылау және бағалау


8.3.2.1 ұлдар / қыздар
пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану


9.3.2.1 ұлдар/қыздар
өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы тарихи, әлеуметтік және мәдениеттік мәнмәтіндерді талдау мен бағалау


3.3 Әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау

5.3.3.1 ұлдар/ қыздар
пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді сипаттау


6.3.3.1 ұлдар/ қыздар
пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді салыстыру


7.3.3.1 ұлдар/ қыздар
пәндік терминологияны пайдалана отырып, басқалардың және өз жұмыстарындағы әдіс-тәсілдері мен техникаларды талқылау және бағалау


8.3.3.1 ұлдар/ қыздар
жасалған өнімнің сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану


9.3.3.1 ұлдар/ қыздар
бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды талдау және бағалау


3.4 Жұмысты жетілдіру мен бейімдеу

5.3.4.1 ұлдар/ қыздар
өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және бейімдеу бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстар білдіру


6.3.4.1 ұлдар/ қыздар
өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша сындарлы пікір мен негізделген ұсыныстарды қабылдау


7.3.4.1 ұлдар/ қыздар
өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды салыстыруда негізделген сыни ұсыныстар жасау


8.3.4.1 ұлдар/ қыздар
өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру мен бейімдеуде қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізделген сыни ұсыныстар жасау


9.3.4.1 ұлдар/ қыздар
өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсаттың өзіндік анық көруін және негізделген бағаны өзіндік білдіру


      31. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Көркем еңбек" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.




Негізгі орта білім
беру деңгейінің
5-9-сыныптарына арналған
"Көркем еңбек" оқу пәнінен
жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасына
қосымша


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
"Көркем еңбек" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру
бойынша ұзақ мерзімді жоспар

      1) 5-сынып (ұлдар):

Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқыту мақсаттары.
Білім алушылар білуге тиісті


1-тоқсан

Визуалды өнер

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

5.1.2.1 әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

5.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

5.3.3.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.6.4 таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы

5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері

5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.3.3.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.6.4 таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

5.3.1.1 бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)

2-тоқсан

Сәндік-қолданбалы өнер

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері

5.1.2.1 әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

Сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар. Материалдар мен құрал-жабдықтармен танысу

5.1.6.2 бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау;
5.2.2.1 конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану


Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым. Идеяларды талқылау мен дамыту. Нобай орындау

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым. Бұйым дайындау

5.2.3.2 түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау

5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу

5.1.6.2 бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Бұйым өру

5.2.3.2 түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау;
5.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Жұмыстардың көрмесі

5.3.1.1 бүкіл сыныпқа дайын жұмысты танысту (көрме)

3-тоқсан

Дизайн және технология

Конструкциялық материалдар. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу

5.1.6.1 конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың жалпы қасиеттері мен құрылысын, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай отырып зерделеу

Конструкциялық материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар, қол еңбегі құралдары, құрылғылар

5.2.2.2 ағаш және темір өңдеу білдегінің тағайындалуы мен құрылысын түсіндіру;
5.2.2.1 конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану


5.2.6.2 қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)

Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Материалды таңдау және дайындау

5.1.5.1 өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау;
5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау


5.1.4.1 шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау;

Сыртқы және ішкі сызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыларамен көркемдеп аралау

5.2.3.1 өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу;
5.2.3.2 түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау


5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сымнан бұйымдарды модельдеу. Нобайлар дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері). Материал таңдау. Құралдар-жабдықтар мен құрылғылар

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Бұйым дайындау. (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері)

5.2.3.1 өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу;
5.2.3.2 түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау


5.2.6.1 қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (ұрмалы және соқпалы) жобалау

5.1.5.1 өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау;
5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау


Музыкалық аспапты құрастыру

5.2.3.1 өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдарымен өңдеу;
5.2.3.2 түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау


5.2.6.1 қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

5.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру.

Жұмыстардың көрмесі

5.3.1.1 бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)

4-тоқсан

Тамақтану мәдениеті

Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу

5.2.4.1 дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеу;
5.2.4.2 дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру;
5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)


Үй мәдениеті

Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер.Электротехникалық арматура. Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау (батарея, гальваникалық элементтер)

5.2.5.3 электр энергиясының көздері туралы айтып беру;
5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып);
5.2.5.4 қарапайым электротехникалық арматура мен электромонтажды құралдарды атап шығу мен олардың тағайындалуын түсіндіру;
5.2.5.5 тұрақты тоқ көздерін пайдалану арқылы қарапайым бұйым құрастыру


Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары

5.2.5.6 қол құралдарын пайдаланып, ақауларды жою бойынша интерьерді ұйымдастырудың тәжірибелік жұмыстары мен қарапайым жөндеу операцияларын орындау

Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.

5.2.5.1 өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау;
5.2.5.2 өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу);
5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет