Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
Геометрияның алғашқы мәліметтері
|
Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема
|
7.1.1.1 планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу;
7.1.1.5 кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу;
7.1.1.2 нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.3 аксиоманың теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату;
7.1.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы);
7.1.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.8 кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
7.1.2.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу
|
Фигуралар теңдігі
|
7.1.1.7 тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану
|
Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және "кері жору" әдісі
|
7.1.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және "кері жору" әдістері
|
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері
|
7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;
7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;
7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі
|
2-тоқсан
|
Үшбұрыштар
|
Үшбұрыш және оның түрлері
|
7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату
|
Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы
|
7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;
7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;
7.1.1.15 сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру
|
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
|
7.1.1.21 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу;
7.1.1.22 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану
|
Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері
|
7.1.1.23 теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;
7.1.1.24 теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану
|
3-тоқсан
|
Түзулердің өзара орналасуы
|
Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері
|
7.1.2.3 екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;
7.1.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;
7.1.2.5 түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;
7.1.2.6 параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу;
7.1.2.7 параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану
|
Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
|
7.1.1.16 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу;
7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;
7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;
7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану
|
Үшбұрыш теңсіздігі
|
7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;
7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану
|
Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері
|
7.1.1.25 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу;
7.1.1.26 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану;
7.1.1.27 тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану
|
Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы
|
7.1.2.8 перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;
7.1.2.9 нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;
7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану
|
4-тоқсан
|
Шеңбер. Геометриялық салулар
|
Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш
|
7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
7.1.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану
|
Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы
|
7.1.2.12 түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау
|
Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері
|
7.1.2.11 шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;
7.1.2.13 есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану
|
Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер
|
7.1.2.14 үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу;
7.1.2.15 үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру
|
Салу есептері
|
7.1.2.16 берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу;
7.1.2.17 кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу;
7.1.2.18 берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу
|
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау
|