231
Сонымен қатар, әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің
мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Өздері жұмыс істейтін
кәсіпорындағы еңбектің мазмұны және тетіктерімен, өндірістің принципі және
технологиялық процестерімен таныстырады.
Өскелең ұрпақтың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық
проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу
үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-
өндірістік комбинаты, кәсіптік техникалық мектеп, кәсіптік техникалық лицей,
кәсіпорын, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік еңбекпен қамту
қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет.
Мектептің кәсіптік бағдар беру бөлмесінде пән мұғалімдері үшін
төмендегідей материалдардың болғаны қажет:
тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар берудің міндеттері мен бағыттарын
белгілейтін қаулылар;
кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша халық ағарту органдарының
нұсқаулары;
республика,
облыс,
қалада
өткізілетін
ғылыми-тәжірибелік
конференция, семинар, кеңестердің материалдары;
мектеп жоспарындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары;
сынып жетекшісі, тәрбиеші, әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің
жұмыс жоспарларының үлгілері;
әр жастағы тәрбиеленушілермен өткізілетін сынып сағаттарына бағдар
беретін әңгіме, дәрістер мәтіні;
мектеп пен базалық бірлестіктің кәсіптік бағдар беру үшін біріктіріліп
жасалған жұмыс жоспары;
«Мамандықты қорғау», «Ең жақсы мамандық» атты байқау, диспуттар
өткізудің сценарийі, мамандық таңдауға арналған кештер, көгілдір алау;
әр жастағы тәрбиеленушілер үшін сауалнама үлгілері;
кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әдістемелік әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: