4. Мақсаты мен міндеті сәйкес келетін және сенімді диагностиканың басқа
да тәсілдері немесе тестілеу барлық қиыншылықтан шығудың жолы ретінде
қарауға болмайтыны педагогтарға белгілі болуы тиіс. Бұл тек диагностиканың
тәсілі ғана, ал нәтижелердің дұрыс тұжырымдалуына, олардың басқа да өмірлік
көрсеткіштері, тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің нәтижелерінің ара
қатынасына көп нәрсе тәуелді.
5. Диагностиканың
тиімділік
және
түзету
принциптерін
қанағаттандыратын әдістері таңдалуы тиіс.
Тиімділік принципі аз уақыт ішінде
аз күш жұмсау арқылы тексерудің жүру ретін анықтау, нәтижелерді өңдеу мен
тұжырымдау барынша пайдалы ақпараттар береді.
Түзету принципі тексеру
нәтижелерінде тәрбиеленушілерге психологиялық көмек көрсету, оларда
жекелеген психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету
мақсатында қайталану мүмкіндіктері.