Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет383/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

10-бап 
1.
Қатысушы 
мемлекеттердің 
9-баптың 
1-тармағы 
бойыншы 
міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның 
ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы 
өтініштерін қатысушы мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және 
жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш 
берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз 
салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді. 
2.
Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде 
өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-


330
қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-
баптың 2-тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес 
қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден 
қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда және өз еліне қайта оралу құқығын 
құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қана заңмен 
белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre public), 
халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың 
құқықтары мен бостандықтардан қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен 
танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін 
шектеулер ғана қолданыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет