331
1.
Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ождан және дін
бостандығына деген құқығын құрметтейді.
2.
Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және
тиісті жағдайларда заңды
қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін
жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін
құрметтейді.
3.
Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және
мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың
рухани ізгілігі мен
денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен
бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.
15-бап
1.
Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және
бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды.
2.
Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық
қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік,
қоғамдық тәртіп
(ordre public) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани
ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір
шектеулер қолданылмайды.
16-бап
1.
Бірде бір бала оның жеке өміріне,
отбасылық өміріне, баспанасына қол
сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы
мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда
ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.
Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан
заңның қорғауына
құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: