17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
1.
Мемлекеттік көмек оны алуға құұқығы бар әрбір балаға тағайындалады.
Мемлекеттік көмектің мөлшері және оны көрсетудің шарты мен тәртібі
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде жетім
балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттік
қамсыздандырылуда болады.
3.
Мемлекеттік органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір
балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бірдей
материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |