355
2)
балаларға
тегін
медициналық
қызмет
көрсетуді,
оларды
тамақтандырудың ең төменгі нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз
етуді;
3)
он бес жасқа толған
балалардың кәсіби бағдарлау, қызмет саласын
таңдау, жұмысқа орналасу,
еңбегінің қорғалу, еңбегіне ақы төлену құқығын
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кепілді
қамтамасыз етуді;
4)
балаларға
әлеуметтік қызмет көрсету, оларды әлеуметтік қорғау, соның
ішінде туылуы
мен тәрбиеленуіне байланысты, балалары бар азаматтарға
мемлекеттік жәрдемақы төлеу жолымен кепілді материалдық қолдауды
қамтамасыз ету, сондай-ақ өмірлік қиын ахуалға
тап болған балаларды
әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды;
5)
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге
құқығын қамтамасыз етуді;
6)
балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның
ішінде
төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сондай деп
танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды;
7)
білікті заң көмегін көрсетуді қамтиды;
3.
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар олардың өмір сүру
жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескеріле отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жергілікті мемлекеттік
басқарудың органдары қосымша әлеуметтік стандарттар белгілей алады.
4.
Тиісті білім беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де
мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздеріне ұсынылған қызмет
көрсетулердің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік
стандарттарға сәйкестігін
мезгіл-мезгіл бағалап отыруға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: