36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау 1.
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның
денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін
әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға
міндетті.
2.
Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді
мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.
361
3.
Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің
салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына
келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.