362
Баланы жезөкшелікпен
айналысуға тартқандарға, балаға порнографиялық
материалдарды
немесе заттарды, баспа басылымдарын,
кино немесе
бейнематериалдарды, порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы
өзгеде нәрселерді таратқандарға, жарнамалағандарға
немесе сатқандарға
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауаптылық
белгіленеді
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз 132-бап).
41-бап
.
Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы
соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға,
балалардың
әскерилендірілген құрамаларын құруға тыйым салынады.
8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН
ҚОРҒАЛАТЫН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық
міндеттемелерге сәйкес,
орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне
қарамастан,
балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің,
олармен сауда
жасаудың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне
қайтару жөнінде шаралар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: