Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Баланың заңды өкілдері



Pdf көрінісі
бет424/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
43-бап. Баланың заңды өкілдері 
1.
Баланың заңды өкілдері барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда
оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы 
өкілеттіксіз баланың (немесе баланы асырап алуы) туралы куәлігі,
ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлігі негізінде 
балаларға өкілдік етуді және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын 
мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. 
2.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың 
дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға 
түсу және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы көздеген жағдайларды 
қоспағанда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың 
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін олардың заңды өкілдері 
қорғайды. 
3.
Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтік қорғау 
ұйымдарындағы балаларға өкілдік ету мен олардың мүдделерін қорғауды осы 
ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 
4.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның 
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау уақытша, баланы 
отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге 
асырушы ұйымға орналастырғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық 
органына жүктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет