68
Педагогикалық қолдау жұмысының басым бағыттары:
алдын алу
– қандай да бір мәселенің пайда болғанын ескертетін
қызметтің негізгі бағытының бірі.
диагностикалау
(жеке, топтық) – тәрбиелеу процесінде психологиялық-
педагогикалық қолдаудың мақсаты мен міндеттерін есепке ала отырып,
қолдауға қажетті негізгі бағыттарды анықтау. Диагностикалау нәтижесінде
баланың жас ерекшелігіндегі күйзеліс кезеңдерін, жаңалықтарын білу арқылы
мәселелі аймақтарды анықтауға болады.
консультация (кеңес) беру
(жеке, топтық) – жеке тұлғаға өзін
мазалайтын мәселе бойынша ақыл-кеңес және бағыт беру.
дамыту жұмысы
(жеке, топтық) – жеке тұлғаның өзінің оптимальды
даму деңгейіне көтерілу үшін мақсатты жұмыстар жасауы.
коррекциялық (түзету) жұмыс
(жеке, топтық) – жеке тұлғаның
әлеуметтік мүмкіндіктерін ашу мақсатында кейбір түзету жұмыстарын жүргізу.
сараптау
– жеке тұлғаның жағымды, жағымсыз қасиеттерін анықтау.
22-суретте педагогикалық қолдау жұмысының басым бағыттары ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: