Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие жұмысының әр алуан формаларын ұйымдастыру және



Pdf көрінісі
бет140/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие жұмысының әр алуан формаларын ұйымдастыру және 
жоспарлау 
Сынып жетекшісі өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда оқушылармен
тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар оқушылардың әртүрлі
іс-әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие 
жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады. 
Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда 
басымдылық жағдайда болғандықтан, оның мазмұнын анықтауда оқушының
әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген 
жөн (41-сурет). 
Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері: 
Тәрбие 
жұмысының 
танымдық 
әрекеті
оқушының 
танымдық 
қызығушылығын, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің 
жалғасы ретінде қолданылады. Мысалы, «Не? Қашан? Қайда?» викторина 
ойыны немесе мұражай, көрмеге саяхат және т.с.с. 
Көңіл көтеру әрекеті.
Ол оқушылардың демалысын ұйымдастыру
жағымды эмоция тудыру, ұжымдағы психологиялық көңіл-күй, жолдастық-
ынтымақтастық жағдай орнату. Дегенмен де тәрбие жұмысының танымдық 
және көңіл көтерушілік әрекеттері жиі байланыста болады. Мысалы, әртүрлі 
байқаулар, бәйгелер, викториналар және т.с.с. 
Спорттық-сауықтыру әрекеті.
Оқушылардың денсаулығы мен дене 
бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Ол табиғатқа саяхат жасау, спорттық 
жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті.
Мектептегі кезекшілік, көгалдандыру жұмыстары, 
сенбіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары және т.б.
Қоғамдық пайдалы еңбек.
Дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қалдықтарын 
жинау, қайырымдылық акциясын ұйымдастыру, балалар бақшасы және үйін 
қамқорлыққа алу және т.б. 


132
Шығармашылық әрекеті.
Оқушылардың бейімін, қызығушылығын 
дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Ол концерттік 
қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және 
сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. 
Ерікті қарым-қатынас әрекеті.
Табиғат аясында немесе қала бойынша 
саяхат, концерт, поэзия кеші, психологиялық тренинг, мектеп балы және т.б. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет