Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-61. Б.М.Тепловтың зерттеуі бойынша



Pdf көрінісі
бет211/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
Сурет-61. Б.М.Тепловтың зерттеуі бойынша
қабілеттіліктің белгілері 
 
•Бір
адамды
екінші
адамнан
ажыратуға негіз
болатын
жеке
даралық
ерекшелік
Қабілеттілік
•Барлық жеке даралық
ерекшеліктерді
жатқыза
беруге
болмайды, қандай да
бір
немесе
бірнеше
іс-әрекетті
орындау
барысында
нәтижесі
табысқа сәйкес жететін
ерекшеліктер
Қабілеттілік
•Адамда бар білім,
ептілік
және
дағдымен
ғана
шектеліп
қоймайтындығын
айтады
Қабілеттілік


190
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі және шығармашылықпен жұмыс 
істеу арқылы қалыптасатын қасиеті. Қабілеттің дамуының табиғи негізін 
құрайтын нышандардың жиынтығы – дарындылық.
«Дарындылық» 
ұғымы сый («дар») сөзінен шыққан және ол дамудың 
қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда 
«Дарындылық – белгілі іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін, адам 
қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі» – деген анықтама беріледі.
Дарындылық ұғымы ХХ ғасырдың 40-50-жылдарында психолог 
Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттеледі. Ғалымның дәлелдеуінше, 
белгілі бір күрделі іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі 
жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір 
іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше 
сапалық жиынтығын дарындылық деп тұжырымдаған. 
Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі,
өнердің бір түріне туа бейімділігі. Айталық, Дюрер 3 жасында өз суретін салса, 
Моцарт 7 жасында төрт соната жазған, Гаусс 14 жасында өзін математика 
әлеміне танытқан. Қабілеті жан-жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі 
қабілетті деген орынды болады. Дарындылық туа біткен ерекше қасиет. 
Дарындылық мәселесіне зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, 
дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе алмаған. 
Баланың дарындылығы – оны өз құрдастарымен салыстырғанда, бірдей 
жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығымен аса ерекше байқалатын 
шығармашылық қабілетінің байқалуы.
Еңбексүйгіштік, еңбек етуді ылғи да қажет етіп отыру, оралымды ойлау
талдау мен жинақтау, жүйелі пікір айтуға бейімділік – дарынды балалар 
психологиясының басты белгілері. 
«Талант»
ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. 
Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген 
қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, талант – іс-әрекетке жоғары 
жетістікті қамтамасыз ететін, туа біткен қабілеттілік.
Талант – қоғамдық маңызды, нақты және жоғары дамығандығымен 
ерекшеленетін, іс-әрекет нәтижесін алуға мүмкіндік беретін, дарындылықтың 
жоғары деңгейі. 
Шетелдік сөздіктерде «талант» («talanton») туа біткен қасиетті көрсететін, 
ерекше табиғи қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі, ол 
таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады. Дарындылық түсінігі 
тәуелсіз, өзіндік ұғым ретінде энциклопедиялық сөздіктер мен шетел сөздерінің 
түсіндірме сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады. Қабілет 
туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі 
көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда, адамның аталмыш 
қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған қоса 
қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижелілігінде көрінеді. 
Сонымен, талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен 
жұмыс жасайтын адам. Жалпы таланттың қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой 


191
деңгейі ғана емес, сондай-ақ оқу-тәрбиелік әсердің де, жас кезеңдердің де мәні 
зор. 
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау жауап тілейді» дей 
отырып, балалардың түрлі қабілеттерін дамытуға байланысты жақсы 
тапсырмалар мен сұраулар қойылса, соған сәйкес бала бойындағы талантының 
жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет