Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет210/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие тағылымы 
 
 
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни 
(1020- ...) 
Ұлыдан ұлағат 
 

Барша адамды сақтаса, ұят қана 
сақтайды, 
Игі іске бастаса, ұят қана 
бастайды. 
Ұят – қасиет, нұр құяды өңіңе, 
Ол сүйрейді ізгіліктің өзіне 
 

Адамда жақсы қасиет болмаса, 
оған бақ та, бақыт та қонбайды 
 


188
 
Луций Анней Сенека 
(б.з.д. IV-V ғғ.) 
Білгенге маржан 
 

Басқаларды үйрете жүріп, біз 
өзіміз үйренеміз 

Өмір де мысал өлең секілді: 
ұзақтығымен 
өлшенбейді, 
мазмұнымен өлшенеді 
 
 
 
9-тақырып. Дарынды балалармен жүргізілетін
тәрбие жұмыстарының жүйесі 
 
«Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары 
Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты – ізгілікті жеке 
тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: 
«Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға 
қажетті жағдайлар жасау, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған 
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның 
шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты 
дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» – деп атап көрсетті.
Дарынды тұлғаны қалыптастыру және дамыту – қазіргі кезеңдегі білім беру 
жүйесінің алдында тұрған басты мақсаттың бірі болып табылады.
Интеллект
(лат. 
«intellectus» «түсіну, ұғыну, танып білу) – 
интеллектуалды және іс-әрекеттің нақты түрінде нәтижеге жету мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ететін, арнайы қабілеттерді қамтитын, интеллектуалды іс-
әрекеттердің арнасы және ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі. 
«Интеллект» ұғымы өзінің ғылыми мағынасына қарамастан, шексіз 
талдауларға толы. В.Штерн интеллекттің жаңа өмір шарттарына жалпы 
қабілеттердің бейімделуін жатқызады. В.Штерн бойынша, бейімделу – өмірлік 
міндеттерін ақылдылық әрекеттер арқылы шешу. 
Р.Стернберг «интеллект» ұғымын интеллектуалды қылықтың үш формасы 
ретінде көрсетеді:
а) вербалды интеллект: сөз қоры, шеберлік, оқығанын түсіне білу 
біліктілігі; 
б) мәселелерді шешу қабілеттілігі; 
в) кәсіби интеллект: қойылған мақсатқа жету біліктілігі. 
Интеллект концепциясы ХХ ғасырдың соңғы кезеңдерінде дамыды. 
Интеллект – адамның қолданбалы, көрнекі-бейнелі немесе символдық 
түрде мақсат қойып, орындаудың ең тиімді жолын тауып алуға қабілеттілігі. 


189
Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. 
Дегенмен, ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет – 
нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді. 
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық, педагогикалық анықтамалар 
саны өте көп. «Қабілеттілік» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын 
және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды. 
Қабілеттілік – бұл білім алуға қажетті адамның жеке ерекшеліктері. 
«Қабілеттілік – іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай, нәтижелі 
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», – деп жазады академик 
Т.Тәжібаев.

Педагогтар 
қабілеттердің 
төмендегідей 
деңгейі 
болатындығын 
дәлелдейді: 

 Репродуктивті (өнімсіз)

іс-әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша 
қабылдау және меңгере алу деңгейі. 

 Шығармашылық 

жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттіліктер 
деңгейі. 
С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі 
бойынша «қабілеттілік»,
 
«дарындылық» және «талант» ұғымдарының мәні 
ашылады. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу мүмкінділігіне байланысты бір 
адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық сапа 
ретінде қарастырылады.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке-даралық психологиялық 
өзгешелік деп қарастырды. Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере отырып, 
оның төмендегідей 3 белгісін көрсетіп берді (61-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет