Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті. Жеке адам



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі17,16 Kb.
#97827
  1   2   3   4
Байланысты:
Тұлға.Темперамент
Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент

Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті.
Жеке адам - индивид, субъект, тұлға, даралық ұғымдарының бірлігінен тұрады. Индивид - адамның белгілі текке қатысы (адам тегі - гомосапенс), сол тектің табиғи, өзіндік қасиеттерін іске асырушы. Субъект – белсенді, біртұтас адам. Тұлға – табиғи жағынан әлеуметтік, әлдеқайда тұрақты, жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құрайтын күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттердің жиыны. Даралық – қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырларымен сипатталатын адам. Адамның онтогенетикалық уақыты:
- Жаңа туған нәресте – индивид;
- Материалды негізде сана қалыптасады, адам субъектке айналады;
- Сана негізінде өзіндік сана, тұлға өзегі қалыптасады;
- Даму барысында адам даралықты иеленеді.
Тұлға дегеніміз, қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қоғамдық қызмет атқаратын саналы индивид. Тұлға индивидке қарағанда жас, себебі, адам индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады.
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиыны. Алайда, әрбір персонолог тұлға құрылымын түрліше сипаттайды, ал бұл олардың методологиялық бағытын көрсетеді. Психология ғылымы жеке адамды зерттеуде, көмек көрсетуде белгілі бір методологияға сүйенеді. Себебі, психология көпмәнді ғылым болғандықтан әр ғалым өзінің ғылыми позициясына байланысты тұлға құрылымына түсінік береді.Тұлғаның табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бір-біріне қарама-қарсы емес, олар біртұтастықты құрайды. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет