Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілеті, талабы. Темпераменті. Жеке адам



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі17,16 Kb.
#97827
1   2   3   4
Байланысты:
Тұлға.Темперамент
Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент, Тұлға.Темперамент
Темперамент - дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерін атап өткен жөн: адамның психикалық іс-әрекетінің және құлқының жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейіңде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде аңғарылады. Жалпы белсенділік әртүрлі адамдарда әртүрлі аңғарылады.
қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшық ет қозғалысы мен тілінің шапшандығында, күшінде, тездігінде аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында (немесе ұстамдылығында), сөзшеңдігінде (немесе үндемейтіндігінде) байқалады, эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде (эмоциялық әрекеттерге әсерленгіштік), эмоциялық қозғалғыштығында (көңіл-күйінің тез озгеріп отыруы) т.б. көрінеді.Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы іліміңде түсіңдіріп берді. И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:1) қозу жене тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке клеткаларының жүмыс істеу қабілетіне байланысты; жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек, қозу күшінің тежелудің күшіне сәйкес келу дәрежесі (немесе оның тепе-теңдігі); жүйке жүйелерінің козғалғыштығы, демек, қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. Барлық бұл қасиеттер, жалпы жүйке жүйесі ретінде, бір ғана биологиядық қызметті атқарады, өз уақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе-тендікте ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет