Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс



бет1/5
Дата12.04.2022
өлшемі24,82 Kb.
#138969
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Аяқ сүйектері, Аяқ сүйектері

Мазмұны

Кіріспе
1.1.Мағжан - сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы. 3 -4

Негізгі бөлім:
2.1. Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” өлеңінің 
тәрбиелік мәнін талдау 5
2.2. Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңдерінің 
ерекшелігі 5-6
2.3. Қазіргі жастардың бойындағы күш-жігер қасиеттерін 
сипаттау,талдау. 7


  • ҚҚорытынды бөлім
    3.1. Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы. 8



  • ППайдаланылған әдебиеттер тізімі 9


Кіріспе

Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны.Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс.Оның қуатты бойға жігер,жүрекке от беретін рухты үні,ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтереді;» Өлеңді музыкаға айналдырған,дыбыстан сурет тұрғызған, жаңа өлшеулеп шығарған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін бірден байқаймыз.


Тасқыны қатты,тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түркішілдік арнасына құйылды.Халық өлеңдерінің мазмұнынмен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де,бәлкім осы болар.
Қалай дегенде де,Мағжан өзіне дейінгіге де,кейінгіге де ұқсамайтын,өзіндік қолтаңбасы бар ақын.Ол өмірдегі біртұтас құбылыс,көрініс ретінде,ал адамды сол ұлы табиғаттың,жаратылыстың бір туындысы,бөлшегі ретінде қабылдайды.Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап,ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет