Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс


Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңіндерінің ерекшелігі



бет3/5
Дата12.04.2022
өлшемі24,82 Kb.
#138969
1   2   3   4   5
2.2.Жастар туралы Мағжан мен Міржақып өлеңіндерінің ерекшелігі 
Сәбит Мұқановтың «... Мағжанның ақындығын қозғауға екінші себеп Міржақып болуы керек» деген негізсіз емес. Себебі Мағжан мен Міржақыптың да ойы бір жерден шығады. Мәселен, Мағжан өз өлеңнін де жастарға үміт артып, жастардың болмысын сипаттаса, Міржақып «Жастарға» өлеңнін де жастарды оянуға, халыққа қамқоршы басшы болуға шақырады. Міржақыптың 
Найзаменен түртсе де, 
Жатырсың, қазақ ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!-деп жастарды сол кезде оянуға үгіттеп, білімділікке шақырып, сенімсіз кейіп танытса, Мағжанның ойы жастардың бейнесін 
Жас қырандар-балапан, 
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін-деп сипаттап, бойларын енді-енді тіктеп, бойына қуат жинап қолы жетпес аспанға ұмтылғаның, сенімділігін көрсетеді.Ақын ойы екі тарапта тұрса да, бір-бірінің ойы бір жерден шығып қалатын өлең жолдары бар. Сөзім дәлелді болу үшін Мағжан Жұмабаевтың «Қасиетті тілектер-Мен жастарға сенемін!» деген өлең жолыннан үзінді жастарға сеніп үміт артатынын айқын көрсетіп тұр. Ал, Міржақып Дулатұлы өлеңінде де 
Етемін үміт жастардан, 
Жаңа гүл бақша ашқандай-деп жастарға үміт арту,екі ақынның да ойын бір жерден шығарып тұр.
Міржақыптың Жастарға өлеңінінен тағы бір үзінді 
Халыққа,жастар,басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай-дегені жастарды әділ басшы болуға, елдің басына күн туғанда алып жығарардай жастарды, іздейді, күтеді, өз заманында болмаған талпынысты кейінгі жастар,біздерден күтеді. Енді Мағжан өлеңнін алсақ

Қажу бар ма тұлпарға,


Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін-деп Міржақып ойындай басшылыққа керек мінезді, имандылықты алға қойған. Мағжан да, Міржақып та айтқан жалындап тұрған жастар жоқ емес, бар «әттегені-айы» жастарымыз да сенімсіздік басым. Сол тұрғыда жастарды жігерлендіруіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет