Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс



бет2/5
Дата12.04.2022
өлшемі24,82 Kb.
#138969
1   2   3   4   5
Негізгі бөлім

2.1.Мағжан Жұмабаетың «Мен жастарға сенемін » өлеңінің тәрбиелік мәнін талдау
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.
Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады. Тәрбиелілікті көрсетеді. Әрине, ондай тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлеңнен аламыз.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенмін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абыройларына дақ түсірмеуге шақырады. Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай, ар намысын бірінші орынға қоюға үндейді. Намыс-адам тұлғасының күзетшісі. Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар-намысын алға қойып өмірден озбады ма...Сондықтан осындай Мағжан салып кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек. Сонда ғана сенім ақталып, білім парасатына сай, жастарымызға елдің ары мен намысын таптатпауға,болашақтың тізгінің жастарга сеніп
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін- деп Мағжанның өлеңін өмірлік ұран қылып, бойымызға сіңірер едік..




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет