220
Нашақорлық
– бұл есірткі заттарды қолдану нәтижесінде пайда болатын
ауру. Нашақорлық есірткі заттарды үнемі, әрі барған сайын үлкен мөлшерде
қабылдауға құмартумен сипатталады. Есірткі қабылдамаған кезде адамның
бүкіл денесі ауырып, тырысады, шөлдейді және т.б. белгілер пайда болады.
Мұндай күйді сыну деп атайды, ол білінбей, біртіндеп, бірақ барған сайын үдей
түседі, ағза есірткіні талап етеді. Бұл күйде нашақор кез келген қылмысқа
барады, алдау, ұрлау, қорлау, сонымен қатар есірткі заттарды тауып, мас күйге
қайта түсуге ұмтылады. Тәуелділіктен шығуға деген шынайы тілегі
болғанымен, ішкі сезімді жеңу өте қиынға соғады. Қазір есірткі бизнесі
дүниежүзін жаулап келеді. Қазақстанда нашақорлықтың алдын алуға және
есірткі бизнесімен күрес жүргізуге бағытталған заң бар.
Нашақорлықтың алдын алу үшін тәрбиеленушілерде төмендегідей есірткі
затқа теріс көзқарасты қалыптастыру керек:
нашақорларды зейінсіз қалдырмау;
оларды бақылауға алу;
емделуге бет бұрғызу;
күресу;
психологиялық бейімдеу.
Есірткі бірінші кезекте темекі, ішімдік сияқты ең алдымен миды
зақымдайды. Сондықтан да оған бірте-бірте үлкен мөлшер керек болады.
Осылайша, адам төменде берілгендер арқылы өз миының зақымдалуын
байқайды:
Достарыңызбен бөлісу: