251
мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі
мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл
олардың педагогикалық көзқарастарында қателік болмауына сенімдерін
орнықтырады.
3.
Ата-аналарды балалармен бірге іс-әрекетке қатыстыру.
Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, бала тұлғасының дамуына ықпал ету
өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру.
Осы іс-әрекеттер
барысында мұғалім, ата-ана және баланың өзара қарым-қатынасын жақсартуды
көздейді.
Балаларды тәрбиелеу барысында ата-аналармен жұмыс жасауда мектеп
тәжірибесінде қолданылатын әртүрлі формалар:
жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру;
сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық,
саяхат, кеш, спорттық жарыстар және т.с.с.);
балалардың сабақтарына, олимпиада, кеш, апталық, ата-аналардың ашық
есік күніне және т.б. шақыру;
мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу: еңбек адамдарымен
кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары;
өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру;
балалардың аула клубтарын құру;
мектеп және сынып кеңестерінің жұмыстарына қатыстыру;
мектеп немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға
қатысу, кітапхана қорын молайту, көрмелер ұйымдастыру;
мектеп немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру, оларды
өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау және т.б.
4.
Отбасы
тәрбиесіне
қатысты
ата-аналарға
психологиялық-
педагогикалық кеңес беру
.
Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне
қатысты туындап отырған
мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.
5.
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі
қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналар комитетін
құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру және олардың
жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беріп, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық
жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы:
баласы спорттық шараға,
мәдени жорыққа жауапты болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына
қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады.
Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да
сынып
жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге, сынып
жетекшісі бұл бағытта ата-аналармен, жалпы мектеп көлеміндегі қоғамдық
ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде
бірлесе жұмыс жүргізеді.