Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті Педагогтық мамандық ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Бұл
мамандықта ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған.
Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын,
қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. «Адам-адам» типінде қызмет жасайтын
педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық)
және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Когнитивті жазықтық жалпы
мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды.
Мәдениет – адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасқаннан бергі
жинақтаған ұлы байлығы. Бұл шығармашылық күштер мен адамның адами
мүмкіншіліктерінің шарықтау шегінің көрінісі.
Тар мағынада мәдениет адамның түбір, мәнді күштерінің дамуының
қандай да бір деңгейі деп тұжырымдалады. Бұл тұрғыда мәдениет – жеке
адамның өмір салтының қоғамдық өмірдегі құндылықтар мен нормаларға,
қоғам мәдениетінің идеалды бейнесіне сәйкестілігі туралы айтылады.
Мәдениетті өмір стилі немесе өмірлік іс-әрекет ретінде сипаттауға болады.
Адамзат мәдениеті оның үш негізгі бөлімін біріктіру арқылы
қарастырылады (93-сурет).