287
1.
Педагогтардың жалпы психологияны, жас ерекшеліктері психологиясын
және педагогикалық психологияны білуі, диагностикалық зерттеу объектісі
болатын психологиялық болмысты түсінуі, сондай-ақ тестілеуді өткізу мен
оның нәтижесін хабарлаудағы объективтілігі.
2.
Мұғалімнің диагностикалық аспап-құралдарды пайдалана білуі, оны
пайдаланудың принциптерін түсінуі және қолдануы.
3.
Педагог, мектеп психологі «оқушы жағдаяттарын» құра алуы және
әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды сараптай алуы – диагностикалық зерттеу
жүргізуі.
Педагогикалық жағдаяттарды сараптау
сыналушы әртүрлі тәсілдермен
тексерілуге мәжбүр болғанда ғана жүргізіледі. Мәселен, мұғалім немесе мектеп
әкімшілігі тәрбиеленушілермен жүргізілетін тәрбиелік іс-шара нәтижелерінің,
олардың тәрбиелік деңгейіне оң ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды
анықтауды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: