6. Сауатты педагог диагностикалық зерттеуді жүргізу ретінің бөлінбес
құрамдас бөлігі болып табылатын математикалық статистика элементтерін
меңгеруі тиіс. Мұғалімнің шығармашылық тұрғыда өсу ауқымында
жүргізілетін кез келген зерттеу қазіргі уақытта диагностиканың нәтижесін,
оның тұжырымдалуын және сенімділігін талдауды қамтуы тиіс.
Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениеті бойынша бірнеше бағытты көрсетуге болады: 1) Білім беру мекеме жағдайларындағы неғұрлым адекватты мінез-құлық
пен әлеуметтік өзара әрекетті қамтамасыз ететін психологиялық білім және
іскерліктердің біраз мөлшері ретінде психологиялық сауаттылықты
қалыптастыру.
2) Мінез-құлық, іс-әрекет немесе әлеуметтік өзара әрекеттің тиімділігін
қамтамасыз
ететін
психологиялық
құзыреттілікті
қалыптастыру:
бақылаушылық; адамдарға зейін аудара білу; психологиялық қырағылық;
өз-өзін адекватты түрде қабылдай алу; эмпатияның дамуы; эмоционалды
тұрақтылыққа
талпыныс;
мейірімділік;
әртүрлі
адамдармен
қарым-қатынастарды орната алу; ақпаратты адекватты қабылдай алып, бере
алу және т.б.
288
Осы екі бағыт бойынша жоғарыда көрсетілген барлық қасиеттерді
тәрбиеленуші
тұлғасында
дамыту
керек.
Болашақ
педагогтардың
психологиялық мәдениетін дамытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің
жүйесін құру шарт.