Сурет-99. Сынып жетекшісінің өз білімін жетілдіру жұмыстары Сынып жетекшісінің
өздігінен білім алуының мақсаты: 1) оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру мақсатында психологиялық және
педагогикалық білімдерін кеңейту;
2) озық педагогикалық іс-тәжірибелер мен педагогикалық ғылым
жетістіктерін меңгеру және білімділік, біліктілік деңгейін жетілдіру.
Өздігінен білім алудың тақырыптарын әдістемелік отырыстарда талқылап,
ұсыныстар беріп отырған дұрыс. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алу
жұмысын сабақтарға қатысу арқылы бағалаған жөн.