341
V) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай
қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша
бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта
қарауы;
VІ) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе
немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы;
VІІ) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының
өміріне құрметпен қарау.
3.
Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе
қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға
тікелей қатысы бар заңдар мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен
мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде:
а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп
саналатын жас мөлшері белгіленуі;
ә) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі
соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді
шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша
шаралар қолданылуы.
4.
Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын,
әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз
етуде әртүрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен
қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру
қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының
оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді.
41-бап
Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор
үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:
а) қатысушы мемлекеттердің заңының, немесе
ә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық
нормаларының құрамында бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: