Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет384/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
11-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және 
қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды. 
2.
Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты 
келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға 
жәрдемдеседі. 
12-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған 
қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын 
қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес 
баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады. 
2.
Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген сот немесе 
әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті 
орган арқылы ұлттық заңнаманың процессуалдық нормаларымен көзделген 
тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі. 
13-бап 
1.
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға 
қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер 
шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да 
құралдардың көмегімен әртүрлі ақпаратпен идеяларды іздеу, алу және беру 
еркіндігі кіреді. 
2.
Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, 
алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және: 
а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе 
ә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre public) не 
болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін қажет шектеулер ғана болуы 
мүмкін. 
14-бап 


331
1.
Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ождан және дін 
бостандығына деген құқығын құрметтейді. 
2.
Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды 
қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін 
жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін 
құрметтейді. 
3.
Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және 
мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың рухани ізгілігі мен 
денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен 
бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін. 
15-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және 
бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды. 
2.
Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық 
қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп 
(ordre public) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани 
ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір 
шектеулер қолданылмайды. 
16-бап 
1.
Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол 
сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы 
мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда 
ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды. 
Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына 
құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет