Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет382/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 


328
4-бап 
Қатысушы мемлекеттер осы Коневенцияда танылған құқықтарды жүзеге 
асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да 
шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға 
қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде 
қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда
халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды. 
5-бап 
Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда 
кеңейтілген 
отбасы 
немесе 
қауымдастық 
мүшелерінің, 
жергілікті
салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе 
жатқан қабілеттеріне сәйкес және оны Конвенциямен танылған құқықтарды 
жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, 
бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін
құқықтары мен міндеттерін құрметтейді. 
6-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас 
құқығы бар екенін таниды. 
2.
Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі 
қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді. 
7-бап 
1.
Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның 
есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің 
ата-аналарының білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы. 
2.
Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы 
құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға 
сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған 
жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 
8-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының 
даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау 
құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге 
міндеттенеді. 
2.
Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір 
бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер 
оған жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек 
пен қорғауды қамтамасыз етеді. 
9-бап 


329
1.
Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар 
қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін 
оның ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, 
баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын 
қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, 
мысалы, ата-анасы балаға мейірімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық 
жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып 
жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін. 
2.
Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі 
тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын 
білдіруге мүмкіндік беріледі. 
3.
Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де 
айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның
ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей 
байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін 
жағдайларды қоспағанда, қолдайды. 
4.
Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен 
туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер 
аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса 
екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет 
қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) 
болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет 
болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы 
мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер 
мұнда ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін 
болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті 
тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет