25-бап. Баланың ата-анасымен бірге тұру құқығы 1.
Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдермен бірге тұруға
құқығы бар.
2.
Баланың, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ықтиярынсыз баланы
ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен айыруға тыйым салынады. Оларды
айыру туралы шешімді ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында
қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды.
3.
Ата-анасы бір-бірінен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жері
ата-анасының келісімімен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау
сот арқылы шешіледі. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттер мен
жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделері мен пікірін ескереді.