(Поль Брегг). Қажет кезде қажетті жерден табылу заңы. Өмірде қажет кезде қажетті
жерден табылу не қажет емес жерден табылу шешуші рөл атқарады. Біріншісі –
жақсылыққа бастап, екіншісі – жамандыққа итермелейді.
Қайталану кездейсоқтығы заңы. Өмірде көп нәрсе қайталанады.
Біреудің жүріп өткен жолын келесі біреу қайталайды. Және бұл үшінші
біреудің өмірінде тағы да болады және дәл сондай жағдаймен көрініс беруі
мүмкін.
Әділетсіздік заңы. Көпшілік дауыс әділдіктің шешімі бола алмайды.
«Егер сендер дауыс беру арқылы бәрін шешуге болады деп ойласаңдар, онда
Афинаның бар иттері атқа айналсын деп дауыс беріп көріңдер!» (
Сократ).
370
Құпиялық заңы. Құпия – құпия болу үшін оны бір-ақ адам ғана білуі тиіс.
Екі адам білген құпияның құпиялығы басқаша. Барлық жасырын сыр түбі
белгілі болады.