374
ең алдымен өз Отанының тарихын білуі керек. Өткенге көз жүгіртсек,
Қабанбай, Наурызбай сияқты қазақ даласындағы көптеген батыр бабаларымыз
осы ұлтарақтай жер үшін жан қиюға дайын болған. Олар осы ұлан байтақ жерді
ұрпақтарының алақанына салып кетті.
Қазір Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы, Азияда үшінші
орын алады.
2-жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан – шекарасы мықтап бекінген, мемлекеттік
рәміздері
мен төл валютасы бар, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан
мемлекет.
Рәміз – тарихын, бүгінді, болашақты, яғни уақыт кеңістігінің үш өлшемін
біріктіру деген сөз. Болған, болып жатқан, болатын
істің мағынасын символ
дейміз. Тәуелсіз елдің туы, Елтаңбасы, Әнұраны
сол символдың мағынасын
береді. Өйткені, рәміздер болмаса ел болмайды.
1-жүргізуші:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.
«Мен – Қазақстанның патриотымын» ғасыр көшбасшысы ойынын бастауға
рұқсат етіңіздер!
Көсемі болған ғасырдың
Шешені болып еліңнің
Болашақ ұстаз білім ал!
Талант пен өнер асырған
Көшбасшысы бол әлемнің!
2-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл сайыс ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда.
Білім мен ісі сәйкесті
Бірінші келіп топ жарған.
Алғашқы сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы сайыс «Бәйге» деп
аталады. Бәйге сайысына «Қазақта тұңғыш ...» деп аталатын 20 сұрақ беріледі.
Әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: