Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


– әрқайсымызға қатысты бүкіл халықтық  іс. Бұл  –



Pdf көрінісі
бет442/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315

әрқайсымызға қатысты бүкіл халықтық 
іс. Бұл 
– 
қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа 
бастаудың кілті. Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялау 

дамудың аса маңызды шарты» . 
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына 
байланысты Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ 
педагогтармен өткізілген 
«Тәуелсіздік жеңісі – бүгінгінің жемісі»
ХХІ ғасыр көшбасшысы 

интеллектуалды ойынының үлгі-жоспары ұсынылды. 
1-жүргізуші:
«Тәуелсіздік жеңісі – бүгінгінің жемісі» ХХІ ғасыр 
көшбасшысы 

интеллектуалды ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. 
Тәуелсіздігімізді алған 25 жыл ішінде Қазақстанды күллі әлем таныды. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін еркін экономикалық қатынастарға қол жеткіздік. 
Соның арқасында экономикамыз дамыды, әлеуметтік тұрмысымыз жақсарды. 
Жақын жылдары әлемдегі алпауыт елдердің өзін бір тарының қауызына тыға 
келген қаржы дағдарысынан Қазақстан қиналмай өтіп келеді. Көптеген дамыған 
елдерде 
дағдарыстың 
салдарынан 
әлеуметтік 
шығындар 
қысқарды, 
кәсіпорындар жабылды. Ал Қазақстан ағысқа қарсы жүзді. Осы жылдар ішінде 
елімізде көптеген кәсіпорындар ашылды. Міне, Елбасының бастамасымен 
үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарлама шеңберінде республикада 
көптеген ірі жобалар жүзеге асырылуда. 
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 
«Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездескенде «Бізге ХХІ ғасырда 
қалай жұмыс істеу керек екенін білетін адамдар керек. Ішкі және халықаралық 
процестерді терең талдай алатын мамандар, мемлекеттік мүддені өз мүддесінен 
биік қоятын патриоттар керек. Кім Қазақстанды сүйсе, сол – патриот. Кім 
шынайы құндылықтарды таныса, сол 
– 
патриот, ал ол құндылықтар – адалдық, 
ар-ұят, адамгершілік, дәстүрге беріктік, Отанға деген махаббат және оның 
өркендеуіне қызмет ету» деп атап көрсеткендей, қазақстанның әрбір азаматы өз 
Отанының өркендеуіне өзіндік үлес қосуға міндетті. 
1-жүргізуші:
Патриотизмді Отаннан бөліп қарауға болмайды. Екеуі – егіз 
ұғым. Біздің тарихымыздың өзі патриотизммен басталған тарих. Патриот адам 


374
ең алдымен өз Отанының тарихын білуі керек. Өткенге көз жүгіртсек, 
Қабанбай, Наурызбай сияқты қазақ даласындағы көптеген батыр бабаларымыз 
осы ұлтарақтай жер үшін жан қиюға дайын болған. Олар осы ұлан байтақ жерді 
ұрпақтарының алақанына салып кетті. 
Қазір Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы, Азияда үшінші 
орын алады. 
2-жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан – шекарасы мықтап бекінген, мемлекеттік 
рәміздері мен төл валютасы бар, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан 
мемлекет. 
Рәміз – тарихын, бүгінді, болашақты, яғни уақыт кеңістігінің үш өлшемін 
біріктіру деген сөз. Болған, болып жатқан, болатын істің мағынасын символ 
дейміз. Тәуелсіз елдің туы, Елтаңбасы, Әнұраны сол символдың мағынасын 
береді. Өйткені, рәміздер болмаса ел болмайды.
1-жүргізуші:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін. 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске. 
Айта бергім келеді, айта бергім. 
«Мен – Қазақстанның патриотымын» ғасыр көшбасшысы ойынын бастауға 
рұқсат етіңіздер! 
Көсемі болған ғасырдың 
Шешені болып еліңнің 
Болашақ ұстаз білім ал! 
Талант пен өнер асырған
Көшбасшысы бол әлемнің! 
2-жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай 
Жүйріктің бағы жанар ма? 
Білім мен өнер жарысып 
Тәрбие, тәлім табар мән. 
Бұл сайыс ойдың бәйгесі 
Кім жүйрік ойға сол алда. 
Білім мен ісі сәйкесті 
Бірінші келіп топ жарған. 
Алғашқы сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы сайыс «Бәйге» деп 
аталады. Бәйге сайысына «Қазақта тұңғыш ...» деп аталатын 20 сұрақ беріледі. 
Әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет