Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет440/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

2-жүргізуші:
Білімді болу дегеніміз не? 
Білімді болу – бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өнердегі барлық 
жақсылық атауы білімнен бастау алады. 
Білім – бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім 
теңіз адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл-көсір өлшеусіз әрекет 
ету керек. Білім-ғылымға түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете 
алады. 
Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз. Адамды 
адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс-әрекетпен, тәжірибемен 
байланысқан білім ғана нағыз білім болып саналады. 
Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, 
төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық. 
Білімді адамды ақшалы болмаса да жарлы деуге болмайды. Білімді сенен 
ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны бойына сіңіре алмайды. 
Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін,
ой-арманын, талап-тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Кімде 
білім мол болса, сол жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алады. Білімсіз ешнәрсе 
ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды тауып, атың 
шартарапқа жайылады. Білімдіге қашан да төрден орын тиеді. Білімді босаға 


372
жақта отырғанмен біртіндеп төрге шығады. Нағыз білімділік адамгершілік, 
имандылықпен нұрланып тұруы тиіс. 
XXI ғасырда білім құнды капиталға айналды. Оның өзі маңыздылығы 
жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуы да 
тиіс. Елдің даму деңгейі біліммен өлшенетін болды. Қай мемлекеттің де негізгі 
тірегі – асқақтаған күмбездер де, зәулім ғимараттар да, экономикалық жағдай 
да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді, талантты да дарынды адамдар. 

Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі әр саладағы түрлі ғылыми 
жетістіктермен өлшенеді. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 
еліміздің ТМД елдері ішіндегі алдыңғы қатардағы елдердің санағына жатады. 
Бұл тек экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, сондай-ақ өмір сүру сапасына 
да қатысты. Мұндай бағалау критерийлерінің бірі – елдің ғылым-білім 
саласының жағдайы. Азия Даму банкі ұйымдастырған «Білім және кәсіби 
дағды: Азия мен Тынық Мұхиты аймағындағы елдерді жеделдетіп дамыту 
стратегиясы» зерттеуінің нәтижесі бойынша Қазақстан Азия елдері ішінде білім 
даму индексі бойынша 1 орынды иеленеді (EDI). Қазақстан сауаттылық деңгейі 
бойынша 177 елдің ішінде 14 орында. 

Қазақстандық оқушылар алғаш рет «Математика және жаратылыстану 
пәндерін зерттеудегі халықаралық тенденция» жобасы шеңберінде (The Trends 
in International Mathematics and Science Study– TIMSS) өткізілген әлем елдері 
мектеп оқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша 
халықаралық сараптамалық зерттеуге қатысып, 5 және 11 
орындарға ие болды. 

2010 
жылдың 
6-12 
шілдесінде 
«Балдәурен» 
Республикалық
оқу-сауықтыру орталығында ТМД елдері арасында алғаш рет халықаралық 
математикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға әлемнің 100-ден астам елінен 
командалар қатысты. Жалпы командалық есепте қазақстандықтар 5-ші орынға 
ие болды. Қазақстандық дарынды балалар 3 алтын, 2 күміс медальға және 1 
мақтау грамотасына қол жеткізді.

Қазақстанда білім беру жүйесінде үлкен серпіліс қажет. Бүгінде білім 
беру процесіне мүмкіндігінше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі 
заманда білім ала білуге, еңбек етуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге 
үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған білім берудің төрт тағаны. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев атап өткендей
«...қоғамда мінез-құлықтың инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құруы 
тиіс». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет