Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сыныптың тәрбиелік жүйесін



Pdf көрінісі
бет51/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Сыныптың тәрбиелік жүйесін 
айқындайтын компоненттер
 
 
Жеке дара-топтық
компонент
 
 
Құндылық-бағдарлы 
компонент
 
 
Іс-әрекеттік 
компонент 
 
Уақыт-кеңістіктік 
компонент
 
 
Нәтижелік-диагностикалық 
компонент
 


46
моральдық сезімін қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру, өзін-өзі 
тәрбиелеуіне, ерік-жігерін шыңдап, баулуға бағытталады. 
Тәрбиелік іс-шаралардағы ең маңызды құрылым – тәрбиелік сәт. Көбінесе 
тәрбиеленушілердің үлгілі-өнегелі болуы сынып, мектеп, сыныптан тыс 
тәрбиелік іс-шаралардың нәтижелі өткізілуіне тікелей байланысты. Мектептік 
ұжымдық тәрбиелік іс-шараларда тәрбиеленушілер өз бойларынан табыла 
бермейтін кейбір адамгершілік қасиеттерді құрбы-құрдастарының бойларынан 
көріп, өздеріне қабылдайды. Бойларына көпшілік ортада, мектепте, сыныпта, 
аулада және т.б. көпшілік көп жиналған орындарда тәрбиеленушілердің өзін-
өзі ұстай білуі, басқаларды тыңдай білуі, басқалардың ой-пікірін құрметпен 
қабылдауы өзіндік ұстанымды, сабырлықты талап етеді. Өзіндік ұстаным 
тәрбиеленушінің азамат ретінде қалыптасуының басты қасиеттерінің бірі. 
Оның басты элементтеріне төмендегідей нысандарды жатқызуға болады: 

өзіндік тәжірибе, өзіндік рефлексия; 

достарының бағалауы; 

тәрбиешінің бағалауы. 
Тәрбиеленушілерге тәлімдік негіздерді игерту, олардың рухани, мәдени 
негізде жан-жақты дамуын, мінез-құлықтық жағынан қалыптасуын қамтамасыз 
ететін тәрбиелік іс-шаралардың ықпалды кезеңі – мектептік тәрбие. Бала 
мектеп табылдырығын аттағаннан бастап, аяқтағанға дейінгі ұзақ уақыт ішінде 
физиологиялық жағынан өсумен бірге, үнемі тәрбиешілердің білім беру 
жүйесінің ықпалымен сана-сезімі, ақыл-ойы, моральдық тәртіп тәрбиесі әр 
жасқа өткен сайын кемелденіп, азаматтық деңгейде тұлғалық қалыптасудан 
өтеді. 
Кез келген тәрбие жұмысының нәтижесі, тәрбиеленушінің тәлімдік 
білімділігінен, мінез-құлық тәртібінің сапалық деңгейінен көрініс табады. Ал 
сапалы деңгейдің шамалық мәні – сыныпта, сыныптан тыс, мектептен тыс 
тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнын, ықпал ету сапасын айқындап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет