Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе



Pdf көрінісі
бет54/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе 
Қазіргі кезеңде мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты –
оқушылардың сабақ кезіндегі, сабақтан тыс уақыттағы әрекетінің тиімді 
байланыстарын табу; шығармашылық қабілетін дамыту процесін жекелендіруді 
күшейту; креативті тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру 
процестерінің өзара байланысын қамтамасыз ету; жеке тұлғаның
сұранысын, 
қажеттіліктерін ескеру; тұлғаның дамуы үшін материалдық, кадрлық-
педагогтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік тұрғысынан тиімді жағдайлар 
жасау. 
Тәрбие мақсатын жүзеге асыруда тәрбиешінің рөлі зор. Қазіргі кезеңде 
тәрбиеші – ол саясаттың нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу 
үшін, тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде 
ойлай білуге, нарықтық экономикаға өту жағдайында келу салдарын, 
педагогикалық 
процестерді 
жаңа 
мақсат 
ұстанымында 
бағалауға, 
педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал 
мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін 
меңгерген, кәсіби шебер маман.
Тәрбиелік жүйеде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай 
өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Тәрбиешілер, 
ата-аналар, мектептен тыс мекеме қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра 
отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге 
біріншіден,
ортаның тәрбиеленушіге әсер етер ықпалын, 
екіншіден,
өзі істейтін 
әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін, олардың тәрбие ісіндегі 
барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды. Жалпы білім 
беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі 
блоктары 
болып 
саналатын: 
диагностикалық, 
мазмұндық-тұтастық, 
ұйымдастырушылық іс-әрекеттік, технологиялық, нәтижелілік-бағалаушылық, 
өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу 
және дұрыс пайдалану қажет. 
Қазіргі кезеңде заман ағымына орай жаңа өрімдер, тың ойлар, соны 
бағдарламалар көрініс табуда. Бұл – өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне 
тікелей қатысты. В.Г.Белинский: «Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып, 
өзгеше сипат беріп, жаңалық ашуға болады» – деген болатын. Мысалы, 
С.Н.Лысенкованың 
оза 
отырып 
оқыту 
технологиясы 
педагогикада 
қолданылғанымен, жалпы орта білім беретін мектептердің қазіргі даму 
жағдайына байланысты оны «жаңа» әдіс-тәсіл ретінде, яғни өзгерістерді өмірге 
енгізу арқылы тәрбиешілердің жұмысында қолдануға болады. 


50
Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінің талаптарына сай жалпы орта білім 
беретін мектептердегі оқыту жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған 
себеп болған жағдайлар: 
-
ақпараттық жаңа технологиялардың қарқынды дамуы; 
-
жаңа үлгідегі жалпы орта білім беретін мектептердің пайда болуы 
(гимназия, лицей, зияткерлік мектептер); 
-
қабілеті жоғары балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі; 
-
жас ұрпаққа көптілді меңгерту. 
Осы ұстанымдардың мағынасын жете түсіну, мектеп жасындағы балаларға
білім беру кезінде осы тұжырымдарды басшылыққа алу – әр тәрбиешінің 
ұстанымына айналуы тиіс. Себебі, жалпы орта білім беретін мектептерде жас 
ұрпаққа саналы тәртіп пен сапалы білім берудің алғы шарты – жаңа технология 
болуы қажет. 
Жаңа технологияны пайдаланудағы негізгі мақсат – өскелең ұрпақтың 
қабілетін ашу, өз-өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылдыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет