Сурет-34. Тәрбие берудің стратегиялық бағыттары 1-стратегиялық бағыт – Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру
жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмысын жүргізудің
12 бағытына негіздей отырып, тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнын жетілдіру
және сапасын арттыру.
- азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие;
- рухани-адамгершілік тәрбиесі;
- отбасы тәрбиесі;
- өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
- әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- коммуникативті мәдениетті қалыптастыру;
- экологиялық тәрбие;
- эстетикалық тәрбие;
- дене тәрбиесі және саламатты өмір салтын қалыптастыру;
- еңбек және экономикалық тәрбие;
- кәсіби-шығармашылық тәрбие;
- интеллектуалды мәдениетті дамыту.
2-стратегиялық бағыт – ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты
айқындау, жүйелендіру.