104
Педагогикалық
модельдеу
қағидалары
–
сынып
жетекшісі
іс-әрекетінің негізі
Модельдеу, ол ғылымның
жаңадан ашылған жетістігі емес, оның тарихы
мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін
емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда
модельдеу арнайы пән, сонымен қатар философиялық ізденістерде де
қолданылатын болды. Модельдеу ерекше және
әмбебап ғылыми таным және
кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде
қарастырылады. Модель таным объектісінің орнын
басатын және ол туралы
ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі.
Модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
1) эвристикалық;
2) дидактикалық таңбалы және заттық-техникалық;
3) табиғи және жасанды.
Тереңірек қарастырсақ, көрсетілген топтарда модельдер арасында үлкен
айырмашылық жоқ. Таным процесінде модельдер әртүрлі функцияларды
орындайды.
Педагогикалық зерттеулерде модельдеу өте күшті
құрастыру құралы
болып келе жатыр.
Ғылыми модель – зерттеу пәнін көрсететін және модельді зерттеуде объект
туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең,
бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген жүйе.
«Модель» термині латын тілінен /modulus/ шыққан, «өлшем», «әдіс»
«бейне» деген ұғымдарды білдіреді. Үлгінің негізінде белгілі бір білім
саласындағы фактілер, заттар мен қарым-қатынастың
көрініс беруі деп
түсіндіріледі.
Оқу әрекетін модельдеу төмендегідей аспектіден тұрады:
1) оқу процесіндегі білімді меңгеруден;
2) оқудағы іс-әрекет элементтерінен.
Жоспар – тәрбиеші-педагогтың негізгі іс-әрекетінің бір бөлігі. Ол сынып
жетекшісі мен ұжымның бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сыныптағы
тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі өз жұмысын ең алдымен
оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды
және отбасын
зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында олардың тәрбиелік дәрежесі
анықталады. Соған байланысты тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады.
Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Тәрбиеші жоспар
жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі,
қызығушылығы), қабілеттерін ескергені жөн.
Педагогикалық модельдеуде сынып жетекшісінің іс-әрекеті 3-кестеде
көрсетілді.