Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Кесте-4. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының



Pdf көрінісі
бет120/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Кесте-4. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының 
ІІ жарты жылдыққа арналған тәрбие жұмысының жоспары (1-нұсқа) 
 
Қаңтар 
Ақпан 
Наурыз 
Сәуір 
Мамыр 
 
07-14 аралығы 
Экологиялық 
тәрбие бағыты 
«Аралға араша – 
адамға араша»
(тәрбие сағаты) 
1-11 сынып 
03-10 аралығы 
Адамгершілікке, 
имандылыққа 
тәрбиелеу 
«Тәрбие негізі – 
имандылық» 
(тәрбие сағаты) 
1-11 сынып 
23-30 аралығы 
Құқықтық тәрбие 
«Жасөспірім және 
қылмыс» 
(тәрбие сағаты) 
5-11 сынып 
13-20 аралығы 
Отансүйгіштікке 
тәрбиелеу 
«Туған елім – 
Қазақстан» 
(тәрбие сағаты) 
1-11 сынып 
03-08 аралығы 
Еңбекке
тәрбиелеу 
«Сен құрметте – 
оны» 
(тәрбие сағаты) 
1-11 сынып 
15-22 аралығы
«Атамекен» 
бағдарламасы 
(атамекен бағыты 
бойынша тәрбие 
сағаты) 
1-11 сынып 
12-20 аралығы 
Ұлттық
салт-дәстүрге 
тәрбиелеу 
(тәрбие сағаты) 
1-11 сынып 
14-21 аралығы 
«Асыл аналар», 
«Жыл басы –
әз, Наурыз» 
(тәрбие сағаттары) 
1-11 сынып 
21-28 аралығы 
«Атамекен» 
бағдарламасы 
(атамекен бағыты 
бойынша тәрбие 
сағаты) 
1-11 сынып 
13-20 аралығы 
Кәсіптік бағдар 
«Мамандықтың
бәрі жақсы» 
(пікірталас) 
9-11 сынып 


108
Кесте-5. Графиктік тұрғыда жасалған жарты жылдық жұмыс 
жоспарының үлгісі (2-нұсқа) 
 
Айы/ бағыты 
Қаңтар 
Ақпан 
Наурыз 
Сәуір 
Мамыр 
Маусым 
 
Сыныптан тыс 
шығармашы- 
лық тәрбие 
жұмыстары 
25.01 
«Жыл 
падишасы» 
(байқау) 
27.02 
«Наурыз 
шапағаты» 
(байқау) 
07.03 
«Аман 
болсын ақ 
мамам!» 
(кеш) 
21.03 
«Қош 
келдің, 
Наурыз!» 
(кеш) 
27.04 
«Көктем» 
мерекесі 
(концерттік 
бағдарлама) 
25.05 
«Сыңғырла, 
қоңырау!» 
(кеш) 
25.06 
«Қош, аяулы 
мектебім!» 
(мектеп 
бітірушілер 
кеші) 
Сынып 
жетекшілері 
семинары 
14.01 
Бала 
тәрбиесінде 
ата-ананың 
рөлі 
(баяндама) 
21.02 
Оқушылар 
дың
білім 
деңгейін 
арттыру- 
дағы 
мұғалімнің 
орны 
(баяндама) 
03.03 
Отбасын- 
дағы бала 
тәрбиесі 
(баяндама) 
12.04 
Баланы 
еңбекке 
тәрбиелеу 
(баяндама) 
19.05 
Халық 
педагогикасы 
– тәрбие көзі 
(баяндама) 
Емтиханға 
даярлық 
Сыныптан тыс 
ұйымдар 
(бірлестіктер) 
жұмысы 
03.01 
Жастар 
ұйымының 
ІІ жарты 
жылдыққа 
жасаған 
жоспарын 
бекіту 
12.02 
«Атамекен» 
бағдарлама 
сының 
өткізілу 
есебі 
(ұйымдас- 
тырушы) 
31.03 
Оқушылар 
комитеті 
жұмысы-
ның есебі 
16.04 
«Қыздар 
гигиенасы» 
(лекция, 
мектеп 
дәрігері) 
19.05 
«Зияткер» 
ұжымының 
жылдық есебі 
24.06 
Ата-
аналармен 
кездесу 
(конферен-
ция) 
 
Сынып жетекшісіне айына төрт рет тәрбие сағатын кестеге сай өткізу 
міндеттелсе, сол тәрбие сағаттарының екеуінің тақырыбын мектеп 
директорының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары жоспарлайды.
Сынып жетекшісі өз тәрбие жұмысы жоспарына осы тақырыптарды
енгізе отырып, қалған екі тәрбие сағатының тақырыптарын өзі белгілейді. 
Сонымен бірге екінші кестенің сынып жетекшісіне қажеті жоқ,
өйткені бұл бағыттар тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасардың атқаратын 
міндеті. 
Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері 
мен тәсілдері 
Тәрбие жұмысы – күрделі процесс. Оны жүйелі жоспарлау оқушыларды 
жан-жақты тәрбиелеуде жемісті нәтиже берері сөзсіз. Сынып жетекшісінің 
ойланып жасаған тәрбие жоспары оқушылардың психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін бақылаудың бір түрі. Сондықтан әрбір сынып жетекшісі жұмыс 
жоспарын жасар алдында олардың қабілетін, қызығуын және жеке басының 
ерекшеліктерін ескеруі қажет (6-кесте). 


109
Кесте-6. Оқушының дара ерекшеліктерінің сипаттамасы 
 
№ 
 
 
Оқушының
аты-жөні 
 
 
 
Оқуға 
көзқа- 
расы 
 
 
 
Еңбекке 
көзқа- 
расы 
 
Өзіне қалай 
қарай- 
тыны 
 
 
 
Ата-
анасына 
қалай 
қарай- 
тыны 
 
 
Мінез 
ерекшелік- 
тері 
Қызығуы 
 
(сабақта, 
үйде, 
көпшілік 
ортада
және т.б.) 
(қай 
пәнге, 
дене 
еңбегіне, 
өнерге
және т.б.) 
 

Нұрғалиева А. 
ынталы 
еңбекқор 
ұқыпты 
қолғабыс 
тигізеді 
сабақта 
әдебиетке 
2

Атабеков М. 
орташа 
тынды-
рымды 
немқұрайлы 
тілалғыш 
көпшілік 
ортада 
дене 
еңбегіне 
Сынып жетекшісі тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруы үшін оқушының 
отбасы жағдайын зерттеп, отбасы туралы мәліметтерді біліп отыруы қажет. 
Зерттеу барысында олардың тәрбиелік деңгейі анықталады. Соған байланысты 
тәрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады (7-кесте). 
 
Кесте-7. Оқушының отбасы туралы мәліметтері 
 
№ 
Ата-
ананың 
аты-жөні 
 
Туған 
жылы 
 
Жұмыс 
орны 
 
Ең- 
бек 
өтілі 
 
Маман- 
дығы 
 
Атқаратын 
қоғамдық 
жұмысы 
Отбасы 
құрамы 
 
Отбасында қанша 
адам жұмыс істейді 
(әлеуметтік 
жағдайы) 
 
1. 
Жүнісова С. 
2001 
№33 
мектеп 
25 
мұғалім 
комитет 
төрайымы 

қанағаттанарлық 
2. 

Сыныптағы оқушылармен жұмысты мектептің оқу-тәрбие жұмыстарымен 
байланыстыра жүргізу мақсатында төмендегідей мәселелер қамтылады:
а) сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен байланысы; 
ә) мектепішілік жұмыстар. 
Сондай-ақ, сынып жетекшісінің апталық жоспары болады. Мәселен, 
Дүйсенбі – сынып сағаты. 
Сейсенбі – жаңалықтар хабарламасы. 
Сәрсенбі – серуен, ойын, жорық. 
Бейсенбі – еңбек күні.
Жұма – ата-анамен жұмыс. 
Сонда ғана оқушылар белгілі тәртіпке үйренеді, ертең, арғы күні не 
болатынын біледі. Алайда, өткізілетін жұмыс мазмұны өзгертіліп отырады. 
 
8-кестеде сынып жетекшісінің айлық жоспарының үлгісі көрсетілді.


110
Кесте-8. Сынып жетекшісінің айлық жоспарының үлгісі 
 
 
 
Ай, апта 
Тәрбиелік іс-шаралар 
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар 
Патриоттыққа 
тәрбиелеу 
Еңбекке 
тәрбиелеу 
Барлық 
оқушылар-
мен жұмыс 
Жеке 
оқушы-
мен 
жұмыс 
Пән 
мұғалімі-
мен 
байланыс
Мектепішілік 
жұмыстар 
1-апта 
«Ұлы жеңіске –
70 жыл» 
патриоттық әндер 
байқауы 
«Кітап – білім 
бұлағы» 
кеш 
«Отанды сүйер 
қыранбыз» 
диспут 
2-апта 
«Ер есімі –
ел есінде» 
ғылыми 
конференция 
«Еңбек түбі 
– береке»
тәрбие 
сағаты 
«Ата-
анамның 
еңбек 
жолдары» 
кездесу 
Әңгіме 
сұхбат 
жүргізу 
3-апта 
«Қазақ хандарын 
білесіз бе?»
сыр сұхбат 
«Сыпайылық 
сыры неде?» 
диспут 
Математика 
пәні 
мұғалімімен 
сұхбаттасу 
4-апта 
«Жыр әніміз 
– бірлік, 
ынтымақ» 
көрме 
Сонымен, тәрбие жұмысын жоспарлау – тәрбие процесін дұрыс жүргізудің 
тиімді шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының 
және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тәрбиелеу міндеттерін 
белгілеп қана қоймай, тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен түрлерін де 
көрсетеді.
Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі 
Тәрбие процесінде сынып жетекшісінің шығармашылық өрісін кеңейтуге 
мүмкіндік беретін алгоритм бар. 
Оның негізіне төмендегідей 2 идеяны 
жатқызуға болады: 

Әртүрлі ұйымдастырылған формадағы тәрбие мазмұны ғылым және 
өнер арқылы байытылады. Олардың негізіне әртүрлі әрекеттер кіреді: 
танымдық салада – этика, эстетика, мәдениеттану, саясаттану ғылымдары 
саласындағы тарихи, құндылық-бағдарлық білімдер жатады; өнер саласында – 
эстетика, музыка, кескіндеме, поэзия, дизайн, мәдениет саласындағы көркемдік 
білімдер; дене шынықтыру саласында – саламатты өмір салты жайында 
теориялық және практикалық білімдер; еңбек саласы – халық дәстүрлері, 
қолөнеріне қатысты білім, іскерлікті жатқызуға болады; еркін қарым-қатынас 
бойынша – олардың әр тараптағы демалысын ұйымдастыру және т.б. 
Мұндай жұмыстар тәрбие жұмысының барлық формасын жаңа деңгейге 
көтеруде тек сынып жетекшіге ғана емес, сонымен бірге оқушылар, олардың 
ата-аналары, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлеріне мүмкіндік береді. 

Мұғалімге тәрбиедегі көзқарасты шығармашылықпен ұйымдастыруға 
педагогикалық тәсілдер көмектеседі. Солар арқылы әртүрлі әдістер және 
формаларды құруға болады. 


111
Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы 
Тәрбие жұмысын жоспарлаудың тәжірибесін талдап, қорытудың негізінде 
жоспар 
құрылымын
ұсынуға болады. Көп нәрсе тәрбие жұмысын 
ұйымдастырудың нақты жағдайына, сынып жетекшісінің тәжірибесіне 
байланысты. 
Сынып жетекшісінің жоспары төмендегідей бөлімдерден тұрады: 
1.
 
Сынып ұжымына сипаттама 

сыныптың құрамына жалпы мінездеме (оқушылар саны, ұлдар мен 
қыздар денсаулығы, тәрбиелік деңгейі, оқу үлгерімі, қызығушылығы, 
факультатив, үйірме, секцияларға қатынасы, ата-анасы туралы мәлімет, отбасы 
жағдайы); 

сыныптың ұйымшылдығы (сынып құрамы және сынып белсенділері, өз-
өздерін басқаруы, әртүрлі іс-әрекеттерді өз беттерімен орындауы); 

сынып ұжымының жалпы мектептік ұжыммен байланысы (мектепішілік 
шараларға, қоғамдық жұмыстарға қатынасуы). 
2.
 
Тәрбиелік міндеттер
Тәрбие жұмысының міндеттері тәрбиенің жалпы мақсатын, сол сияқты 
олардың тәрбиелік дәрежесін ескере отырып көрсетіледі. Сонымен бірге, 
жоспарда көрсетілген міндеттер мектеп алдында тұрған міндеттермен 
үйлестірілген болуы керек. 
3.
 
Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары 
Бұл бөлімде сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары, формалары және 
әдістері көрсетіледі. Жоспар жасауға кірісер алдында «Мектеп оқушысын 
тәрбиелеудің үлгілі мазмұны» деген құжатты назарға алғаны жөн. Онда оларды
тәрбиелеудің әртүрлі сатыларында, олардың бойында қандай қасиеттерді 
қалыптастыру қажеттілігі, қандай іс-әрекетке қатыстыру керектігі, ал бұл 
қасиеттерді дамытып, қалыптастыру үшін тәрбиенің қандай формалары мен 
әдістерін қолдану қажеттігі ашылады. 
4.
 
Ата-аналармен жұмыс 
Бұл бөлімде белсенділермен және басқа да ата-аналармен істелетін 
жұмыстың формалары мен әдістері көрсетіледі, ата-аналар жиналыстарының 
тақырыптары және оларды өткізу мерзімдері, кейбір оқушылардың отбасына 
барудың, ата-аналармен мектепте әңгіме өткізудің уақыты белгіленеді. 
Үйірмелерге басшылық жасауға, кештер және дөңгелек үстел өткізуге 
қатыстырылатын ата-аналардың аты-жөні көрсетіледі, ата-аналарға арналған 
консультациялар жоспарланады. 
5.
 
Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс 
Бұл бөлімде оларды сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын 
көрсетеді, бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер педагогикалық кеңесте 
талқылау үшін мәселелер белгілейді.
 
Тәрбие жұмысының жоспары өткізілетін іс-шараның атауы, өткізу 
формасы, орындалу мерзімі және орындайтын тәрбиешінің аты-жөнін қамтиды 
(9-кесте). 


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет