Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет92/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие 
технологиясының 
әр 
алуан 
саласындағы 
тәрбие 
жұмыстарының ерекшеліктері 
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп 
қоймайды, ол сабақтан тыс уақытта да жалғасады, тереңдетіледі. Сабақ процесі 
кезінде тәрбие міндеттерінің барлығын шешу мүмкін емес. Әртүрлі сыныптан 
тыс, мектептен тыс жұмыстар жоспарлау қажет. 
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері 27-суретте ашылды.
Сурет-27. Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері: 
Бірінші ерекшелігі 
– еріктілік негізінде ұйымдастырылады. Жеке тұлғаны
әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды. Өз қызығушылығы, 
қабілетіне қарай түрлі үйірмелерге жазылып, сабақтан тыс уақыттарда өз 
қалауымен жеке және көпшілік жұмыстарға қатысады. Еріктілік сыныптан тыс 
жұмыстар түрлерін таңдау кезінде ғана болады. 
Екінші ерекшелігі 
– міндетті оқу бағдарламасымен байланысты емес. Оның 
мазмұны мен формалары, жеке тұлғаның қызығушылығына, сұранысына 
байланысты болады. 
Үшінші ерекшелігі 
– сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын жеке тұлғаның
жас ерекшелігінің әртүрлілігі. Мысалы, мектеп хорына, ансамбліне, театрына, 
үйірмелерге әртүрлі жастағылар қатыса алады. 
Төртінші ерекшелігі 
– сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе жеке тұлғаға өз 
бетімен жасайтын жұмыстар беріледі. 
Бесінші ерекшелігі 
– тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы 
іс-әрекетке үлкен орын беріледі. 
Алтыншы ерекшелігі 
– сыныптан тыс жұмыстың формасының, әдісінің 
әртүрлілігі. 
Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік 
сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс 
жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет