Сурет-29. Адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері
Адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері:
• адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды
бастан өткізу);
• адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметтік ортада өзінің
адамгершілік нормасын сезінуі);
• адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау,
оймен қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім
қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);
• адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы
адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі).
Сабақтан тыс уақытта проблемалық-психологиялық жағдай туғызу,
ұжымдық шығармашылық істер сыртқа, саяхатқа, экскурсияға, шеруге шығу,
спорттық жарыстар, еңбек-тынығу лагерлері, пәндік лагерлер, сыныптағы,
мектептегі бірлескен еңбек қызметтерін ұйымдастыру және т.б. арқылы жүзеге
асырылады.
Өзара көмек көрсету жағдайлары адамгершілік сезімнің оянуына
қажеттілік туғызатын, оқиғаға талдау жасайтын тәрбиелік жағдаяттар өте
маңызды орын алады. Сол себептен де оқу-тәрбие процесінде мектеп
оқушыларымен каникул кезінде өткізілетін шараларға айрықша көңіл бөлінуі
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |