85
3. Тәрбиеленушінің өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға
түрткі туғызу.
Гимназия сияқты бағдарлы мектептердегі тәрбие жүмыстарын
кураторлар ұйымдастырады. Кураторлардың міндеттері әзірге түбегейлі
анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі таңда белгілі болған функционалдық
міндеттері бойынша типтерін атап көрсетуге болады (30-сурет).
Сурет-30. Куратордың функционалдық міндеттері бойынша типтері
Куратордың функционалдық міндеттері бойынша типтері
:
1. Әкімшіл куратор
– тәрбиешінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы
педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.),
ақпараттық (әрбір тәрбиеленушінің сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және
ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік
шаралар және т.б.).
2. Тәрбиеші куратор
– өзінің міндеттерін тәрбиеленушінің жас ерекшелігі
теориясына сүйене отырып, жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің
педагогикалық қызметін жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктерін
ескере отырып, жүзеге асырушы педагог.
Жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне төмендегілер
жатады:
а) тәрбиеленушінің мектептен тыс уақыттағы жағдайларын білу (оның
ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны);
ә) тәрбиеленушінің отбасы туралы мәлімет (оның құрамы, білімі, олардың
ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының мектепке деген
қатынасы, отбасының психологиясы);
б) мектепте тәрбиеленуші туралы не белгілі? (мәліметтер):
- мінез-құлық ерекшелігі;
- ерік-сезім сапасы;
Достарыңызбен бөлісу: