Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Музыкалық жетекші
Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті оқыту стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық аспапта кәсіби шеберлікпен ойнайды. Музыкалық және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.
Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеу практикасына алдыңғы қатарлы тәжірибиелерді енгізеді.
Тәрбиеленуші балалардың ата-аналарына музыкалық кеңестер береді. Тәрбиеленушілерінің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындыларды, стиль мен жанр, дәрістер мен репитициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін, әр жастағы баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық қабілеті, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын, музыкалық тәрбиелеудің әдістемесін, саз аспаптарын кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қорғанысты.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық немесе жоғары музыкалық білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта, музыкалық) білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекшісі қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
жоғары деңгейдегі екінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар музыкалық тәрбие беру мен балаларды оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін, баланың музыкалық қабілетінің дамуын диагностикалау элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекшісі қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға, өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуге тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары музыкалық білім, музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік орта (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, балалардың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |