Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі



бет84/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі
ғылыми-практикалық орталықтың (ҒПО) аға әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу қызметі: Республикалық деңгейдегі іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулердің жүргізілуіне ғылыми басшылықты жүзеге асырады және қатысады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, оларды жүргізудің әдістері мен құралдарын анықтайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға қатысады, басқа ұйымдардағы бірігіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Алынған нәтежелерді пысықтайды, аяқталған зерттеулер мен әзірлемелерге ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізеді және осы нәтижелерді практикалық іске асыруға республикалық деңгейде басшылық етеді.
Ғылыми-әдістемелік қызметі: Интеллектуалды жарыстар өткізудің әдістемелері мен формаларына талдау жүргізеді, әзірлейді және оны ғылыми негіздеуді жүзеге асырады; дарынды балалар мен жастардың дамуын анықтау бойынша психикалық диагностикалық және түзету қызметінің технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Қосымша білім беретін мектептер жұмысының оң тәжірибелерін қорытындылайды және таратады, семинарларды, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ғылыми-әдістемелік материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі: Олимпиадаларды, республикалық және халықаралық деңгейдегі оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстарын; ғылыми конференциялар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын; қосымша білім беретін мектептердегі сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, дидактиканың принциптерін, педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендірудің принциптерін. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитарлық қызметтің және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, 8 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 10 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, оның ішінде әдіскер қызметінде 2 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі боуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, ғылым кандидатының бірінші дәрежесінің, білім беру жүйесінде 12 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің, оның ішінде әдіскер қызметінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ірі ғылыми еңбектері және ашқан жаңалығы, сондай-ақ практика жүзінде жүзеге асқан нәтижелері бойынша дипломы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және 20 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және 15 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі және жарияланған әдістемелік материалдары болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет