Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет80/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) жәневожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Тәрбиеші, аға тәрбиеші
Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
Медицина қызметкерлермен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.
Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен (білім алушылармен) жалпы-мәдени жұмыстар жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, бейіні бойынша жоғары білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта) және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, тәрбие жұмысын талдаудың әдістерін және диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған формаларын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, білім беру ұйымдары шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай және оларға сараланған тұрғыдан тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс;
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет