Сабақтың тақырыбы: «Адам және отбасы»



Дата26.08.2017
өлшемі26,7 Kb.
#29420
түріСабақ
"Адам және отбасы" 9-сынып Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Адам және отбасы» 
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 9 сынып 
1 Сабақтың тақырыбы: Адам және отбасы 
2 Жалпы мақсаттар: - «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; 
- Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; 
- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау. 
3 Оқудың нәтижесі: - «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; 
- Бақытты отбасының моделін құрастырып, отбасыға деген оң көзқарасын қалыптастыру; 
- Оқушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасады. 
4 Негізгі дерек көздері: АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық 

Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқытуды бағалау Уақыт 
Кіріспе 
Шаттық шеңбері Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындық жүргізеді, зейіндерін аударып ден қояды 1 минут 
Топқа бөлу Бұл кезеңде балалар топқа бөлінеді. 
«Әке» тобы 
«Ана» тобы 
«Аға» тобы 
«Әпке» тобы 
Әр топ өз тобының атауымен ән шырқайды Балалар топқа бөліну әрекеттерін жасайды. Өз тобымен хормен ән айтады 3 минут 
Жаңа сабаққа дайындық Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып, «Ата-анаға қамқорлық» туралы бейнежазба көрсету. 
- Бір күні олар қартайғанда... сіз ата-анаңызға қандай қамқорлық көрсетесіз? 
- Видеожазбаның жалғасын көрсету Оқушылар өз ата-анасына қамқорлық қалай жасайтыны, ата-ананың өмірдегі рөлі туралы өз ойлары мен бөліседі. Өз ойларын видеожазбадағы жауаппен салыстыру Өзін-өзі бағалау 7 минут 
Мәтінмен жұмыс «Төрт сөйлем» әдісі арқылы «Туған күн» әңгімесін талдау. 
1- Топ: Кіріспе. Мәтін туралы кіріспе сөз айтады. 
2- Топ: Негізгі ой. Мәтіннің негізгі ойын табады 
3- Топ: Қорытынды. Мәтін бойынша қорытынды шығарады 
4- Топ: Толықтыру. Мәтінді өз ойларымен толықтырады. Оқушылар мәтінді жан-жақты талдайды. Топпен ақылдаса отырып түйінді ой айтады Топтардың бірін-бірі бағалауы 10 минут 
Өзіммен-өзім Классикалық баяу ән қоя отырып, көз алдарына бақытты отбасыны елестеткізу Оқушылар терең-терең тыныс ала отырып, көздерін жұмады. Баяу әннің ырғағымен бақытты отбасыны көз алдарына елестеткізеді 3 минут 
Постер қорғау Өзіммен-өзім жаттығуы кезінде көз алдарына елестеткен бақытты отбасының моделін құрастырады. Оқушылар берілген тапсырма бойынша модель құрастырады және қорғайды. 10 минут 
Жинақтау 

Күннің бетіндегі бұлттарды ала отырып, «Мен үшін отбасы...» деген сөйлемді аяқтау 
Оқушылар стикерді ала отырып ой-қорытынды жасау 4 минут 
Рефлекция Стикерлерге өздерінің ойларын жазады, «Тілек» ағашына іледі. Оқушылар стикерге сабақ туралы пікірлері мен ұсыныстарын жазады. 3 минут

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет