Педагог-ұйымдастырушы Лауазымдық міндеттері: Тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасайды, олардың талантын дамытуға, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Жасөспірімдер мен балалардың жұмыстарын, клуб, үйірме, секция, әуесқой бірлестіктерімен бірлескен әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Қандай да бір бағытты: ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы басқа.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бала құқығын қоғамдық ұйымдарда, қауымдастықтарда іске асыруға ықпал етеді. Ойын-сауық және бос уақытты өткізуді ұйымдастыруда білім алушылардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды, балалардың демалыс уақытын, экскурсия, саяхат, мерекелер, кештер ұйымдастырады. Балалардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды жасайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», заңдарын және басқа да білім беруге байланысты құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, тәрбие жұмысының әдістерін; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; үйірме, секция, студия, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін; еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін білу.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалар мен жас өспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; әдістемелік бірлестік, озық іс-тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім және мұғалім-ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін білуі, сараланған тұрғыдан балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу әдістемесін өздігінен әзірлей білуі, жұмысында озық тәжірибені қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлей білуі, оны апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша шығармашылық топқа жетекшілік жасай білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: еңбек өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жасөспірімдермен және балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде сараланған тұрғыдан қарым-қатынас жасауды ескере отырып, өздігінен тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, жұмысында озық іс-тәжірибені қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік орта, арнаулы орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогигалық технологияларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды апробациядан өткізу жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы, озат педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық техналогияларын өз жұмыстарында пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.