Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, логопед



бет74/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, логопед
Лауазымдық міндеттері: Оқушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психофизикалық қалпын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды.
Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Мұғалімдермен және тәрбиеленушілермен тығыз байланыста жұмыс істейді, сабақтарға қатысады.
Ата-аналармен, оларды алмастырушылармен байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдері қолдану жөнінде кеңес береді. Қажетті құжаттамаларды жүргізеді.
Мекеменің әлеуметтің саласын үйлестіруге ықпал етеді және әлеуметтік бейімсізденудің пайда болуының алдын алу шараларын жүзеге асырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтайды, түрлі психологиялық көмек көрсету шараларын (психологиялық түзету, кеңес беру, үйренуге бейімдеу) жүргізеді. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға (оларды алмастырушы тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі, бағыттағы психологиялық диогностиканы жүргізеді.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік даму проблемаларына педагогикалық ұжымды, ата-аналарды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психо-педагогикалық қорытынды жасайды. Бекітілген нысан бойынша құжаттарды жүргізеді және бағыт бойынша пайдаланады.
Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруде дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, дарынды білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылығының дамуына психологиялық қолдау көрсетеді.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуындағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылық деңгейін аңықтайды, психологиялық-педагогикалық түзетуді жүргізеді. Білім алушылардың тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) педагогикалық мәдениетін қалыптастырады. Білім алушылардың тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру мекемелеріне кеңес береді.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сондай-ақ ата-аналар жиналысын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламаларымен көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жұмыстарына қатысады. Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етеді. Еңбек, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларды орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология, тұлғалық психология мен сараланған психология, бала психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясының; әлеуметтік психология мен медициналық психологияның негіздерін; бала нейропсихологиясын, патопсихологияны, психосоматиканы; дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіби бағдарлау, еңбек психологиясының, психодиагностиканың, психологиялық кеңес беру мен психопрофилактиканың негіздерін; белсенді оқытудың, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингтің әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультацияның, диогностиканың және баланы дамытудың дұрыс және аномальдық түзетуінің қазіргі әдістерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Психология» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім, «Психология» мамандығы бойынша еңбек өтіліне талап қойылмайтын қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттілікті анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қазіргі психологиялық әдістерді білуі, оны қолдану мүмкіндігін беретін сертификаттарының болуы:; білім беру мекемесіндегі нақты психологиялық жұмыста қолдану артықшылықтарын айқындай білуі; балалармен және жас өспірімдермен жұмыс жүргізудің жаңа технологияларын дайындауға қатысуы; білім беру мекемесіндегі озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені меңгеруге арналған әдістемелік семинарға қатысуы қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты (докторы) дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар әртүрлі топтағы балалармен және жас өспірімдермен психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыра алуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру; озық тәжірибені меңгеруде семинар жұмысына жетекшілік етуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес, немесе психология ғылымының докторы дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен және жас өспірімдермен психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыруда өздігінен психология-педогогикалық бағдарламаларды дайындай алуы қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, немесе психология ғылымының докторы дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет